Ақмола облысында 3 жасар бала шұңқырдағы суға батып кетті

0
284

Оқиға 1 шілде күні болған.


Ақмола облысында 3 жасар бала шұңқырдағы суға батып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақшаның септигіне үш жасар бала батып кетті, деп жазады inbusiness.kz.

1 шілдеде сағат 17:00-де Шортанды аудандық полиция бөліміне Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақша аумағында үш жасар баланың септикке батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

"Бұл оқыс оқиға бойынша сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталып жатыр, тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп қосты облыстық полиция департаменті.