Ақмола облысында есірткі сатқан студент 6 жылға сотталды

0
521

Сот отырысында сотталушы кінәні ішінара мойындады.


Ақмола облысында есірткі сатқан студент 6 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында мефедронды заңсыз өткізген студент 6 жылға сотталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 2-бөлігі (Ірі мөлшердегі психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін) бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Одан 0,43 грамм “мефедрон” психотроптық заты тәркіленген болатын.

Сот отырысында сотталушы кінәні ішінара мойындады.

«Ол есірткі заттарын сатумен айналыспағанын, ал жедел уәкілдер тәркілеген психотроптық затты ол жасырып салу арқылы досының өтініші бойынша оған сатып алғанын айтты. Алайда, жас жігіттің кінәсі Ақмола облысының полицейлері жинаған бұлтартпас дәлелдермен, сондай-ақ сот отырыстары барысында жауап алынған куәгерлердің айғақтарымен расталды», - делінген хабарламада.

Сотталушының тұрғылықты жері мен оқуы бойынша оң сипаттамасын, бірінші соттылығын, жас ерекшелігін назарға ала отырып, сондай-ақ ол жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтың сипаты мен дәрежесін, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот қылмыстық жолмен өндіріп алынған мүлікті тәркілей отырып, орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару мекемесінде алты жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады.