Ақмола облысында ғимараттан өрт шығып, бір адам қаза тапты

0
369

Қайғылы оқиға бүгін сағат 08.44-де болған.


Ақмола облысында ғимараттан өрт шығып, бір адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақмола облысында ғимараттардың бірінен өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін сағат 08.44-де болған.

"Целиноград ауданы Нұресіл ауылындағы аула ғимараттарында 250 шаршы метр алаңда өрт болды. Өрт сағат 10.00-де оқшауланды. Өрт орнында ер адамның денесі табылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы және 2 техника және Астана қ. ТЖД жеке құрамынан 13 құтқарушы және 4 техника жөнелтілді. Өрт 13:00-де сөндірілді", - делінген хабарламада.

ТЖМ өкілдері нысандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.