Ақмола облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: Қаза тапқандар бар

0
292

Мектеп оқушылары Көкшетау қаласында өткен жайдарман ойындарынан қайтып келе жатқан.


Ақмола облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады: Қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады, деп жазады stan.kz.

Оқиға Көкшетау-Атбасар тас жолында, Максимовка ауылының маңында болған.

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, он бес жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі – бала. Дәрігерлердің айтуынша, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Мектеп оқушылары Көкшетау қаласында өткен жайдарман ойындарынан қайтып келе жатқан.

Полицияның мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар күреу техникасын басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

“Жол-көлік оқиғасы "Көкшетау-Атбасар" тас жолында, Максимовка елді мекенінің маңында болды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды”, – деді облыстық полиция департаментінің өкілі Әлия Билялова.