Ақмола облысында прокурорға 20 мың доллар пара берген заңгер сотталды

0
425

Заңгер казинода жұмыс істеген.


Ақмола облысында прокурорға 20 мың доллар пара берген заңгер сотталды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Бурабай аудандық соты пара берген заңгерге қатысты үкім шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Заңгер казинода жұмыс істеген.
"Биыл жылдың 2 мамырында Бурабай аудандық сотының үкімімен казиноның заңгері елеулі мөлшерде пара бергені үшін сотталып, жиырма есе мөлшерде айыппұл салынды. Айыппұл сомасы 184,5 млн теңгені құрайды. Ол прокуратура қызметкеріне казиноның қаржылық қызметін тексеру нәтижелерін оң шешкені үшін 20 мың АҚШ доллары көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды", - дейді ведомстводағылар.
Сотталған экс-заңгер мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.