​Ақмола облысындағы автожолда 18 тонна жұмыртқа тиелген фура жанып кетті

0
412

8 желтоқсаннан бастап дизель отынын пайдаланған 40 жүк көлігі үшін қозғалыс шектелді.


​Ақмола облысындағы автожолда 18 тонна жұмыртқа тиелген фура жанып кетті

ERNUR.KZ. Екатеринбург – Алматы автожолында 18 тонна жұмыртқа салынған МАN ауыр жүк көлігі сымдардың соқтығысуына байланысты өртеніп кетті, деп жазады polisia.kz.

Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел жұмысының арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.

Алғашқы аяздан бастап Ақмола облысының аумағында күшейтілген нұсқада 81 бекет пен 1134 патрульдік полиция қызметкері қызмет атқарды, олар күндіз-түні жолдарда болды, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қиын жағдайда адамдарға алғашқы көмек көрсетті.

Айта кету керек, 8 желтоқсаннан бастап дизель отынын пайдаланған 40 жүк көлігі үшін қозғалыс шектелді. Сондай-ақ полиция қызметкерлдері 13 желтоқсан сағат 01:30-да Астана – Петропавл жолында Тәжікстаннан Ресейге бағыт алған Volvo автобусында болған Тәжікстанның 31 азаматын эвакуациялады. Оның ішінде екі бала, бес әйел және 24 ер адам болған. Қ

Қызметкерлер зардап шеккендерді Көкшетау қаласындағы әлеуметтік бейімдеу орталығының жылыту пунктіне дереу орналастырды. Олардың барлығы ыстық тамақпен және ұйықтайтын жабдықтармен қамтамасыз етілді.