Ақмола облысындағы лагерьде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекпен балаларды емдемек болған

0
860

Бурабай курорттық аймағындағы үш жеке лагерьдің медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ, фельдшерлік пункттер мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті пайдаланған.


Ақмола облысындағы лагерьде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекпен балаларды емдемек болған

ERNUR.KZ. Қазақстанда балалар лагерлерін тексеру жалғасуда. Ақмола облысындағы мекемелерде 400-ден астам түрлі заң бұзушылықтар анықталды, деп жазады stan.kz.

Бурабай курорттық аймағындағы үш жеке лагерьдің медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ, фельдшерлік пункттер мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті пайдаланған, ал Ақкөл ауданындағы мекемеде дәрі-дәрмек мүлде болмаған, аудандық аурухана 40 шақырым жерде орналасқан.

"Бурабай ауданындағы екі лагерьдің аспаздарынан стафилококк, ал тамақ үлгілерінен ішек таяқшасы табылды", - делінген хабарламада.

Балалар лагерін тексерген инспекторлардың айтуынша, көптеген мекемелерде балаларға дұрыс жағдай жасалмаған.

"Тексеруден кейін 40 адам әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылып, миллиондаған айыппұл салынды. Екі балалар лагерінің жұмысы тоқтатылды. Мекеме басшыларының бірі тексеруге кедергі келтірмек болған. Бұл үшін ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді прокуратура.

Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жою және балалардың демалысын қайта ұйымдастыру жоспары әзірленді.