Ақмола облысының 8 ауданы су тасқыны шегінен өтті

0
192

Атбасар, Астрахан аудандарында Жабай, Колутон, Бақсық өзендеріндегі су деңгейі тұрақталып, қатерлі көрсеткіштерден төмендеді.


Ақмола облысының 8 ауданы су тасқыны шегінен өтті

ERNUR.KZ. Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Әсет Жақсылықов өңірдегі ахуалды баяндады, деп жазады inform.kz.

Спикердің айтуынша, Атбасар, Астрахан аудандарында Жабай, Колутон, Бақсық өзендеріндегі су деңгейі тұрақталып, қатерлі көрсеткіштерден төмендеді. Қазір еш қауіп жоқ.

«Жарқайың, Есіл аудандарының Есіл өзенінде су деңгейінің ауытқуы байқалады, бұл ретте қауіп аз. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Ақмола облысының ТЖ департаменті еріген қар суын сору және бұру, өзендер деңгейін мониторингтеу жұмыстарын жүргізуде», - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингіде.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 8 аудан су тасқыны шегінен өтті және жағдай тұрақталды.

«Агломерация аймағында су тасқыны қаупі төмендеді. Эвакуацияланған адамдардың 1928-і өз үйлеріне оралды. Білім-беру және әлеуметтік нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деді Ә.Жақсылықов.