Ақсайда дүкен иесін өз үйінің алдында атып кетті

0
508

Кәсіпкердің басына оқ тиген.


Ақсайда дүкен иесін өз үйінің алдында атып кетті

ERNUR.KZ. 15 шілдеде сағат 22:00-де Ихсанов көшесіндегі үйдің кіре берісінен күштеп өлтірілген кәсіпкердің денесі табылды, деп жазады zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, кәсіпкердің басына оқ тиген.

Үй ауласынан қақпаның жанынан белгісіз маркадағы тегіс ұңғылы атыс қаруы табылып, тәркіленді.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкердің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жеткізілді.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.