​АҚШ Сириядағы әскерін күрдтерге қарасты қалада қалдырады

0
753

_Өткен жылдың желтоқсанында ақ үй басшысы Дональд Трамп Сириядан 2 мыңға жуық жасағын шығаратынын мәлімдеген еді.


​АҚШ Сириядағы әскерін күрдтерге қарасты қалада қалдырады

ERNUR.KZ. АҚШ өз әскерін Сирияның Табка қаласында қалдырмақ ниетте, деп жазады 24.kz.

Қазір бұл елді мекенді Вашингтонның қолдауымен күрдтер өз бақылауында ұстап отыр. Аймақ тұрғындарының саны артып келеді. Естеріңізге салайық, өткен жылдың желтоқсанында ақ үй басшысы Дональд Трамп Сириядан 2 мыңға жуық жасағын шығаратынын мәлімдеген еді. Алайда Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Ақш әскерінің елден шығуы бірқатар мәселелерге байланысты болатынын айтты.