​"Ақшаны қайдан алды?" Шпекбаев тойды бәсекеге айналдырғандарға ашуланды

0
1 350

Ас берудің өзі "бәсекеге" айналғанына ашуланды.


​

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Алик Шпекбаев Facebook-те мемлекеттік қызметкер қандай болуы тиіс екенін жазды. Ол аста-төк тойдан бас тартып, мерекені даңғойлық жәрмеңкесіне айналдырмауға шақырды, деп жазады sputniknews.kz.

"Құрметті мемлекеттік қызметшілер, өзгеру – уақыт талабы. Қарапайым әрі кішіпейіл болуға тиіспіз!", — деп жазды Шпекбаев.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев үйлену тойлары мен мерейтойды қойып, ас берудің өзі "бәсекеге" айналғанына ашуланды.

йлену тойларынан түсірілген бейнебаяндар әлеуметтік желілерде жиі жарияланып жатады. Зал толы гүл. Той сахнасында шоу-бизнес жұлдыздары. 500-600 адамдай қонақ. Кейін анықталатындай, бір өңірдегі басқарманың басшысы қызының немесе ұлының үйлену-ұзату тойларын тойлап жатады. Және бұл бүтіндей бір үрдіске айналды", — деп атап өтті шенеунік.

Шпекбаев осындай жағдайдан кейін жұртшылықты "Ақшаны қайдан алды?" деген орынды сұрақ мазалайтынын айта кеткен.

Десе де 2015 жылдан бері әдеп бұзушылық 40%-дан аса азайған екен.