Ақсу кәсіпорнында жұмысшыны күйік шалды

0
849

Ер адам пештен шихтаны шығару кезінде күйіп қалған.


Ақсу кәсіпорнында жұмысшыны күйік шалды

ERNUR.KZ. Ақсу кәсіпорнында жұмысшыны күйік шалды. Жазатайым оқиға Ақсу қаласы АҚ-ның бірінің өнеркәсіп цехында болған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуірде сағат 23:00-де 35 жастағы балқытушы балқыту пешінің іргелес аумағын тазалау кезінде зардап шеккені туралы хабарлама 30 сәуір күні түскен.

Ер адам пештен шихтаны шығару нәтижесінде күйіп қалып ауруханаға түскен.