Ақтауда белгілі фотограф жоғалып кеткен

0
778

Ол 22 қыркүйектен бері іздестіріліп жатыр.


Ақтауда белгілі фотограф жоғалып кеткен

ERNUR.KZ. Ақтауда кәсіби фотограф ретінде танымал ер адам іздестірілуде, деп жазады stan.kz.

Еріктілердің айтуынша, Бауыржан Асылбаев соңғы рет 22 қыркүйекте 8-шағын аудандағы №7 үйдің жанында көрген. Соңғы рет жанында рюкзак болған.

Биіктігі – 165-170 сантиметр, орта денелі.

Соңғы рет сұр спорттық куртка, джинсы, кроссовки киген.

Жоғалған адамды көргендерден 8(700)499-72-92 телефоны бойынша хабарласуы сұралады.