Ақтауда екі баланың өліміне себеп болған әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

0
406

Сараптама қорытындысынан кейін процессуалдық шешім қабылданады.


Ақтауда екі баланың өліміне себеп болған әйел 10 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ақтау тұрғыны екі баланың өлімі үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп жазады sputnik.kz.

Төсек құрттарын улаймын деп екі баланың өліміне себеп болған әйелге қатысты екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Қылмыстық іс бойынша препаратты анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері тағайындалды. Сараптама қорытындысынан кейін процессуалдық шешім қабылданады", - дейді Маңғыстау облыстық пд тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұралин Баржықов.
Күдіктінің кәмелетке толмаған екі баласы бар. Құқық қорғау органдары жақын арада жәндіктерге қарсы дәрілерді анықтау үшін Ақтау базарларын тексермек.
Еске сала кетейік, Ақтауда екі бүлдіршін уланып, көз жұмды. Бірі- екі жарым жаста, екіншісі- небәрі он айлық. Ал олардың туыстары ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиғаға күдікті ретінде көршісі айыпталуда. Бір күн бұрын ол өз пәтерінде төсек құрттарын улаған. Қазір полицейлер мен санитарлық дәрігерлер жәндіктерді өлтіру үшін қандай зат қолданылғанын анықтап жатыр.
Қайғылы оқиға Ақтаудағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жұма күні кешке тұрғындардың бірі пәтердегі төсек құрттарын улаған. Ол туралы көршілеріне де, пәтер иелері кооперативіне де ескертпепті. Салдарынан жоғарғы қабаттағы пәтерден уланған 7 адам анықталды. Екі бүлдіршін көз жұмған. Тағы екі кәмелетке толмаған бала мен үш ересек адам ауруханаға жеткізілді.
Жәндіктерді улайтын дәрі Алматы базарларының бірінен алынған. Аты әлі белгісіз, бірақ пәтердегі ауаның зертханалық нәтижесі бойынша көміртегі тотығы мен аммиак мөлшері шамадан тыс көп болған.