Ақтауда "Ирина Кайратовна" тобының концертінен кейін Rixos қонақүйіне айыппұл салынды

0
983

Rixos Water World Aktau қонақ үйінің Instagram-парақшасында тағы бірнеше қойылым жоспарланғаны жазылған.


Ақтауда

ERNUR.KZ. Rixos Water World Aktau қонақүй иесіне карантин кезінде "Ирина Кайратовна" тобының концертін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды, деп жазады Тengrinews.kz.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары карантин талаптарын бұзғаны үшін қонақ үй иесіне 800 АЕК (2,3 миллион теңге) мөлшерінде айыппұл салынғанын хабарлады.

"Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдерінен құралған мобильді топ кешен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін хаттама жасап, түсініктеме алды. Өйткені қаладан 20 шақырым жерде орналасқан курорттық аймақта адамдар көп жиналды", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Айта кетейік, "Ирина Кайратовна" тобының концерті 10 сәуірде Rixos Ақтау қонақ үйінде өтті. Концертте түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.


Желі қолданушылары әртістердің бұған дейін карантин талаптарын сақтап, үйде отыруды ұсынған бірнеше әнін ескеріп, оларды сынға алды.

Айта кетейік, Маңғыстау облысы COVID-19 таралуы бойынша "сары" аймақта орналасқан.

Rixos Water World Aktau қонақ үйінің Instagram-парақшасында тағы бірнеше қойылым жоспарланғаны жазылған: 17 сәуірде - КТК, ал мамырда танымал әртістер қатысатын төрт концерт.