Ақтауда суға батқан ер адамның денесі табылды

0
785

Марқұм 24 қыркүйекте суасты аңшылық кезінде суға батып кеткен болуы мүмкін.


Ақтауда суға батқан ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Құтқарушылар 1993 жылы туған ер адамның денесін үш күннен соң тапты, деп жазады inbusiness.kz.

Марқұм 24 қыркүйекте суасты аңшылық кезінде суға батып кеткен болуы мүмкін. Маңғыстау облысының ТЖД хабарлауынша, іздестіру-құтқару операциясына 10 құтқарушы, 3 бірлік мамандандырылған техника, пилотсыз ұшу аппараты және іздестіру қозғалысының еріктілері қатысты.

"Бүгін, 26 қыркүйекте сағат 12:08-де сүңгуірлер "Шора" су арнасының маңында бес метр тереңдікте және жағадан 400 метр қашықтықта орналасқан ер адамның денесін тауып, судан алып шықты", - делінген хабарламада.