Ақтауда тәрбиешінің басынан ыдыспен ұрған директор сот алдына келді

0
2 541

Директордың кінәсі медициналық сараптама қорытындысымен және оқиға куәгерлерінің сөздерімен дәлелденді.


Ақтауда тәрбиешінің басынан ыдыспен ұрған директор сот алдына келді

ERNUR.KZ. Ақтауда тәрбиешіні ыдыспен басынан ұрғаны үшін "Айналайын" балабақша директоры сот алдында жауап берді деп жазады "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында мекеме басшысы Гүлжанат Мұратбайға қатысты әкімшілік іс қаралды.

"Соттың анықтауынша, 14 ақпан күні сағат 17:00-де "Айналайын" балабақшасының директоры тәрбиешінің көмекшісі арасында жанжал шығып, мекеме басшысы қызметкерін ыдыспен басынан ұрған. Осылайша жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зардап келтірген. Директордың кінәсі медициналық сараптама қорытындысымен және оқиға куәгерлерінің сөздерімен дәлелденді", - деді сот өкілдері.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1 бабы 1-ші тармағы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша, сот балабақша директорына 37 875 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде басы жараланған тәрбиешінің видеосы тараған болатын. Видеода оқиға Ақтаудағы жекеменшік балабақшада болғаны айтылған.

Алайда мекеме директоры қол көтремегенін мәлімдеген болатын.

Қазір балабақшаға барған балалардың ата-анасы моралды өтемақы талап етуде.