Ақтауда тұрғын үйдің артынан ер адамның мәйіті табылды

0
347

Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2 адам қамауға алынды.


Ақтауда тұрғын үйдің артынан ер адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Ақтауда 7 шағынаудандағы 3-үйдің артынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

15 қарашада 102 кезекшілік пультіне 7 шағынаудан 3-үйінің артында ер адамның мәйіті жатыр деген шақырту түскен. Шақыртуға жеткен жедел тергеу тобы 43 жастағы ер адамды тапқан.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалып, факт ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22 және 41 жастағы ер адам соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды», - делінген хабарламада.