Ақтауда үстіне лифт құлаған қызметкердің өлімі: Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы тергеу жүргізбейтінін мәлімдеді

0
471

24 қазанда 34 жастағы ер адамға лифт құлап, соның салдарынан көз жұмды.


Ақтауда үстіне лифт құлаған қызметкердің өлімі: Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы тергеу жүргізбейтінін мәлімдеді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы супермаркет қызметкерінің өліміне әкелген лифт құлаған жағдайды тексермейді, деп жазады stan.kz.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары қаза тапқан ер адам қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс істегенін айтты. Осы себепті инспекцияға тергеу жүргізуге заңнамалық мүмкіндік жоқ.

“Еңбек заңнамасына сәйкес жергілікті орган инспекция тек қызметкер мен жұмыс берушіге қатысты еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғаусыз қалған кезде тергеу жүргізе алады. Өкініштісі, ол жалдамалы қызметкер болғандықтан, істі облыстың еңбек инспекциясы қарамайды”, – деді Маңғыстау облысының мемлекеттік инспекторы Мұхтар Сансызбаев.

Еске сала кетейік, 24 қазанда сағат 01:10-да №3 шағын ауданда 34 жастағы ер адамға лифт құлап, соның салдарынан көз жұмды.