Ақтауда жоғарғы қабаттан құлаған ер адамның суицид жасағаны белгілі болды

0
247

Тұрғындарды дүрліктірген оқиға 8 шағынаудандағы 18-үйде болды.


Ақтауда жоғарғы қабаттан құлаған ер адамның суицид жасағаны белгілі болды

ERNUR.KZ. Ақтауда шағынаудандардың біріндегі көпқабатты үйдің жоғарғы бөлігінен құлаған ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп жазады inform.kz.

Алдын ала болжам бойынша ер адам өзіне қол салып, жоғары қабаттан секіріп кеткен.

Тұрғындарды дүрліктірген оқиға 8 шағынаудандағы 18-үйде болды.

Кейін оқиғаның куәгерлері тиісті орындарға хабар беріп, полиция мен жедел жәрдем қызметі келген.

«Қайғылы оқиғаға қатысты полиция өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмысына кірісті. Бұдан басқа мәлімет әзірге тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбайды», — деді Маңғыстау облыстық ПД.