АҚТӨБЕ: бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

0
1 334

Үш оқушыны полиция жасағы мен волонтерлар іздестіріп жатыр.


АҚТӨБЕ: бейімдеу орталығынан қашып кеткен үш жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Сурет: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. 8 желтоқсанда Ақтөбе қалалық полициясына "Аяла" кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиешісі қоңырау шалып, көмек сұрады. Ол сағат 23:00 шамасында орталықтың үш тәрбиеленушісі терезені сындырып, қашып кеткенін жеткізді, деп жазады Zakon.kz.

Үш оқушыны полиция жасағы мен волонтерлар іздестіріп жатыр.

  • Мырзакенова Манар Абайқызы - 05.06.2006 жылы туылған. Белгілері: бойы 160 см, дене бітімі орташа, шашы қара. Үстіндегі киімі: кәпөшені бар қалың спорттық киім.
  • Тезекбаева Әмина Иманқұлова - 14.03.2006 жылы туылған. Белгілері: бойы 165 см, арық денелі, шашы қоңыр. Ерекше белгілері: сол жақ иығында меңі бар.
  • Дошанова Жұлдызай Мұратбекқызы - 01.10.2006 жылы туылған. Үстіндегі киімі: сұр спорттық киім.

Полиция кәмелетке толмағандардың орналасқан жері туралы білетін барлық адамнан "102" немесе 8 771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.