Ақтөбе облысында адамдарды тікұшақпен құтқару жүріп жатыр

0
256

Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады.


Ақтөбе облысында адамдарды тікұшақпен құтқару жүріп жатыр

Ақтөбе облысындағы су тасқыны аймағынан адамдарды әскери тікұшақтармен эвакуациялау жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.



Бүгін ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының күшімен Қорғаныс министрлігімен бірлесіп кезекті арнайы операция өтті.

«Есіл ауданының Көптоғай ауылдық округінің су басқан аймағынан құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен 7 жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.