Ақтөбе облысында еріген су республикалық маңызы бар тас жолды басып қалды

0
504

Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ екені атап өтіледі.


Ақтөбе облысында еріген су республикалық маңызы бар тас жолды басып қалды

ERNUR.KZ Ақтөбе облысында еріген су Республикалық тас жолды басып қалды, деп жазады Stan.kz.

QazAvtoJol таратқан ақпаратқа сүйенсек, автожолдағы жол төсемі бойынша еріген қар суының ені - 20 м., биіктігі - 3-5 см шамасында (алдын ала ақпарат бойынша).

“Бүгін 17.00-де республикалық маңызы бар А-26 "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" автожолының 194 шақырымында ауа температураның жылынуы және еріген қар суының салдарынан су өту дерегі анықталды”, – делінген ақпаратта.

Аталған учаскеде су өткізгіш құбыр жоқ екені атап өтіледі.

“Еріген қар суының жүруін жою бойынша орнына ДЭУ-13 күші жұмылдырылды:
10 жұмысшы, 1-Шахман, 1-погрузчик, 1-ДРС, 100 қап құм”, – деп қосты QazAvtoJol.