Ақтөбе облысында пойыз қар құрсауында қалды

0
405

Әлеуметтік желіде пойыздың қар құрсауында қалған видеосы пайда болды.


Ақтөбе облысында пойыз қар құрсауында қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында пойыз қар құрсауында қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде пойыздың қар құрсауында қалған видеосы пайда болды.



ҚТЖ мәліметінше, ұзындығы 10 шақырым болатын бұл теміржол учаскесі жеке компанияға тиесілі.

"Ұзындығы 10 шақырым болатын бұл темір жол учаскесі "Береке-Бизнес" ЖШС жеке компаниясына тиесілі. ҚТЖ бұл тармақтағы жолдарды тазалау мен күтіп ұстауға жауапты емес. Жеке компанияның жұмысшылары мінген пойыз қар басқан жолда тоқтадған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жол тазартылып, пойыз 30 минуттан кейін жолға шықты", - деп мәлімдеді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігі де жеке тасымалдаушы көмекке жүгінбегенін мәлімдеген.