Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары мерт болды

0
318

15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала сол жерде қайтыс болды.


Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары мерт болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары мерт болды, деп жазады sputnik.kz.

"21 маусым сағат 8:15 шамасында Қобда ауылы маңында Самара-Шымкент автожолының 631 шақырымында шетелдіктердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.Hyundai Starex автокөлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, автокөлікті аударып алған", - делінген хабарламада.

Салдарынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы кәмелетке толмаған қыз бала сол жерде қайтыс болды. 6 адам Қобда ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізіліп, онда 2 адам, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша, автокөлік жүргізушісі көлік құралын шаршаңқы күйде басқарған.