Ақтөбе тұрғыны ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонап кетті

0
739

Ол 74 000 теңге ұрлап кеткен.


Ақтөбе тұрғыны ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонап кетті

Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңге ұрлап кеткен.

Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ұсталған ер адам жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен ("Тонау") соталды тергеп-тексеру жүріп жатыр. Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.