Ақтөбеде дөнерді тегін алуға жиналған жастар бір-бірін таптап кете жаздады

0
329

Полицейлер шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.


Ақтөбеде дөнерді тегін алуға жиналған жастар бір-бірін таптап кете жаздады

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жаңа ашылған дәмхананың тегін дөнерін алуға жиналған жұрттың қарасы желі қолданушыларын таң қалдырды, деп жазады zakon.kz.

"Мекеменің кіреберісіне ондаған кәмелетке толмаған бала мен жасөспірімдер жиналды. Кадрдан балалардың кезекте қалай қысылып тұрғанын көруге болады", - деп жазды видео авторы.

Назар аударыңыз! Бейнежазбада балағат сөздер бар.


Бұл жағдай төңірегінде желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды, бірі қолдады, бірі дүрсе қоя берді:

  • Осыны жария жасаған адам жауапқа тартылсын! Не масқара! Жастар жазым болуы мүмкін.
  • Бізде тегін беруге болмайды. -50% десе де болатын еді ғой. Тағы да қазақ халқы масқара болды.
  • Студенттер аш, оларды оқу орындарында ыстық тамақпен қамтамасыз ету керек.
  • Қыздарға не жоқ?

Полицейлер шараны ұйымдастырушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.