Ақтөбеде қала әкімі шіркеуде шам жақты деп шүйліккендерге жауап берді (ВИДЕО)

0
2 027

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың Пасха мерекесінде шіркеуге барған.


Ақтөбеде қала әкімі шіркеуде шам жақты деп шүйліккендерге жауап берді (ВИДЕО)

ERNUR.KZ. Шіркеуге барып, шам жағамын деп елдің сынына қалған Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов неліктен олай жасағанын түсіндіріп берді, деп жазады elitar.kz.

Айтуынша, елдің татулығын басты назарға алған ол мұсылман азаматы әрі басшы ретінде барлық тұрғынға теңдей қарауды өзіне міндет санапты. Ал сынағандарға уақыттарын текке өткізбеуге кеңес берген.


Еске салсақ, бұған дейін ELITAR.KZ порталы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың Пасха мерекесінде шіркеуге барғанын айтқан еді. Тіпті мұсылман азаматының өзге дін рәсімдерінің жасауына қатысты имам пікірін де сұрады.

Қос әкімнің шіркеуге баруы Қазнетте кеңінен талқыланып, көптің наразылығын тудырды. Тіпті желі қолданушылары шенеуніктердің діни ұстанымын білмей дал болды.