Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен қызын пышақпен жарақаттады

0
514

37 жастағы ер адам бірден қамауға алынған.


Ақтөбеде мектеп директоры әйелі мен қызын пышақпен жарақаттады

иллюстрациялық фото

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында 6 қазанға қараған түні ауылдық мектеп директоры әйелі мен қызына пышақпен тап берген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Мұғалімнің әйелі мен қызы пышақ жарақатын алды. Мұндай қатыгездікке не себеп болғаны белгісіз. 37 жастағы ер адам бірден қамауға алынды, полиция қылмыстық іс қозғады.
"Шалқар аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы - "Адам өлтіруге оқталу" бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 37 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәлімет қылмыстық істі тергеу мақсатында жария етілмейді", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, ер адам мектеп директоры болып алты ай қызмет атқарған. Бұған дейін ол аудандық білім бөлімінде жұмыс істеген. Осы оқиғадан кейін ер адам бірден қызметінен босатылды.
"Ол үлгілі отағасы, жақсы қызметкер ретінде танылды. Осы жылдың сәуір айына дейін аудандық білім бөлімінде әдіскер қызметін атқарды. Сәуір айынан бастап мектеп директоры болып тағайындалды. 6 қазан күні ол қызметтен босатылды", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан.