Ақтөбеде мотоцикл жылқыға соғысып, жасөспірім жігіт пен қыз қаза тапты

0
1 368

Жасөспірім жігіттің мотоцикл айдау куәлігі болмаған.


Ақтөбеде мотоцикл жылқыға соғысып, жасөспірім жігіт пен қыз қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында Yamaha мотоциклі жылқыға соқтығысып, 17 жастағы жүргізуші жігіт пен 18 жастағы жолаушы қыз қаза тапты, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 29 тамызда Ақтөбе - Солтүстік айналма автожолында Ақшат ауылы маңында болған.

Жасөспірім жігіттің мотоцикл айдау куәлігі болмаған. Ол жылдамдықты төмендете алмай, жылқыны соққан.

Апат салдарынан жігіт пен қыз оқиға орнында қаза тапты.