Ақтөбеде ресейлік көліктерді ұрлап, сатумен айналысқан жасөспірімдер ұсталды

0
491

Қолға түскендердің екеуі 18-ге толмаған.


Ақтөбеде ресейлік көліктерді ұрлап, сатумен айналысқан жасөспірімдер ұсталды

ERNUR.KZ. Тәртіп сақшылары бірнеше көлік ұрлығына қатысы бар деген күдікпен жастар тобын ұстады. Қылмыскерлер Ресейде шыққан және шетел нөмірлері бар көліктерді таңдаған, деп жазады aikyn.kz.

Күдіктілер 6 ұрлық жасаған. Олар түнде «іске» барып, ұрланған көліктерді сатып отырған. Күдіктілер кезекті көлікті ашып жатқан уақытта полиция ұсталды. Барлық күдікті үй қамағына алынды. Ұрланған көлік иесіне қайтарылған.

Одан бөлек, қолға түскен үш адамның екеуі 18-ге толмағаны анықталды.


«3 адамнан тұратын топ ұсталды, оның екеуі кәмелетке толмаған балалар және біреуі Ақтөбе қаласы колледждері бірінде 2-курс студенті. Қылмыстың бұл түрін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қарастырылған», – деді Ақтөбе қалалық полиция басқармасының басшысының орынбасары Әсет Қалиев.