Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болғаннан кейін үш қылмыстық іс қозғалды

0
357

12 сәуірде Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы құлап, есінен танып, артынша қайтыс болған.


Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болғаннан кейін үш қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Ақтөбе полициясы Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледж тәрбиеленушісінің қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп жазады zakon.kz.

15 сәуірде белгілі болғандай, үш қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр: бұзақылық, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адам өліміне әкеп соқтыру фактілері бойынша.

"Сондай-ақ спорт мектебінің педагогтары мен басшылығына қатысты міндеттеріне бей-жай қарағаны үшін, қазіргі уақытта аталған мектептің екі күдікті тәрбиеленушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске салайық, 12 сәуірде Ақтөбедегі Есет батыр атындағы олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде сегізінші сынып оқушысы құлап, есінен танып, артынша қайтыс болған.