Ақтөбеде үйінен қашып кеткен дос қыздар подъезде түнеп шықты

0
775

Ақтөбе қаласында 12 және 13 жастағы дос қыздар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.


Ақтөбеде үйінен қашып кеткен дос қыздар подъезде түнеп шықты

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Ақтөбеде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 12 және 13 жастағы жасөспірімдер табылды. Олар түнде көпқабатты үйдің подъезіне түнеп шыққан, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласында 12 және 13 жастағы дос қыздар үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қыздардың ата-аналары полицияға жүгінді. Еріктілермен бірге жедел іздестіру топтары құрылды.

Кәмелетке толмағандар болуы мүмкін барлық орын тексерілді.

«Бір күннен соң «Қарғалы» тұрғын үй алабына жауапты патрульдік полиция қызметкерлері екі қызды тауып алып, оларды полиция бөліміне жеткізіп, ата-аналарына тапсырды. Анықталғандай, кәмелетке толмаған қыздар құрбысының үйіне қонуға рұқсат сұраған. Ата-атасы келісім бермеген соң үйден кетіп қалған. Полицейлер қыздарға түсіндіру жұмысын жүргізіп, ал ата-анаcын әкімшілік жауапқа тартты. Бұл жерде тек баланы кінәлауға болмайды. Тәрбие кезінде ата-аналардың рөлі де маңызды. Үйден қашу ата-ана мен бала арасындағы байланыстың, бақылаудың болмауынан деп білеміз», - деді ювеналды полицияның аға инспекторы Нұржан Мукумов.