​Ақтөбеде велосипед ұрлаған зейнеткер ұсталды

0
646

64 жастағы ер адамды ұстады


​Ақтөбеде велосипед ұрлаған зейнеткер ұсталды

Ақтөбеде велосипед ұрлаған зейнеткер үсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамыздан 21 тамызға қараған түні “102” пультіне жергілікті тұрғын 12-шағын ауданында белгісіз біреу велосипедін ұрлағанын айтып шағымданған. Аталған факті бойынша учаскелік полиция инспекторлары 64 жастағы ер адамды “ізін суытпай” ұстаған.

Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындаған. Белгілі болғандай, зейнеткер велосипедті белгісіз адамдарға сатып жіберген.