Ақтөбеде жоғалған геологтар аман-есен табылды

0
1 099

26 қарашадан бастап геологтарға іздеу жарияланды.


Ақтөбеде жоғалған геологтар аман-есен табылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жоғалған геологтар табылды. Оларды жағдайы жақсы, деп жазады inform.kz

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, із-түзсіз кеткен геологтар қыстақтан табылды. «Бүгін сағат 14:50-де жоғалып кеткен геологтар байланысқа шығып, «Қисықсай» қыстағынан аман-есен табылды. Жағдайлары жақсы, медициналық көмек қажет болмады. Қазіргі уақытта табылған 4 геолог Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына жеткізілуде", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 26 қарашадан бастап геологтарға іздеу жарияланды. Олар 25-қараша күні соңғы рет байланысқа шығып, кейін хабар-ошарсыз қалған. Құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. Ал бүгін авиа іздеу үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты.