Ақтөбедегі балабақшада тәрбиешілер балаларды ұрып-соққан

0
431

Тәрбиешілер мен бала күтушілер бүлдіршіндерді ұрып-соққан.


Ақтөбедегі балабақшада тәрбиешілер балаларды ұрып-соққан

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі жекеменшік балабақша басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады stan.kz.

Тәрбиешілер мен бала күтушілер бүлдіршіндерді ұрып-соққан. Ата-аналар бұл бақшаны мүлдем жауып тастау керек деп отыр.

“Біздің талабымыз – балаларды ұрған тәрбиеші мен бала күтушіні, олардың артын жапқан меңгеруші Абылханова Жұлдыз Мұратовна және директор Гүлнәр Серіковна Нартаевна жауапқа тартылсын. Бұл балабақша жабылсын! Ол адамдарды педагог дипломдарынан айрып, бұл салада ешқандай жұмыс істемейтіндей ету керек”, – дейді қала тұрғыны Әсел Қайдолла.

Ата-аналардың бірі видео түсіріп алыпты. Тілі енді шығып келе жатқан бүлдіршіндердің күнде осылай қорлық көріп жүргенін білмедік дейді. Бөбектерді тас еденге ұйықтатып, жерге отырғызып тамақтандырады екен. Ал дәрі-дәрмек тұрған шкафтары құрттап кеткен. Онымен қоса бейнекамерасы жоқ асханаға апарып ұрып-соғады дейді ата-аналар. Олар жаппай тәртіп сақшыларына да, прокуратураға да арызданған.

"Амир" деп аталатын бұл балабақша мемлекеттік тапсырыс арқылы мемлекеттен қаржыландырылады. Білім бөлімінен құрылған комиссия мен полиция департаменті тергеуге кіріскен.

“ҚР ҚК 140-бабы 1-бөлігі бойынша "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды. Ата-аналардың барлық дәлелдері ескерілетін болады”, – деді Ақтөбе полиция басқармасы №2 ПБ бастығының орынбасары Бауыржан Жұмашев.