Ақтөбеге шыққан Air Astana ұшағы Алматы әуежайына оралды

0
497

​Ұшақ қалыпты жағдайда қонды. Ақтөбеге ұшу уақыты 15.40-қа ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ пен сусын берілген.


Ақтөбеге шыққан Air Astana ұшағы Алматы әуежайына оралды

ERNUR.KZ. Алматыдан Ақтөбеге шыққан Air Astana ұшағы әуежайға оралуға мәжбүр болды, деп жазады sputnik.kz.

"Алматы – Ақтөбе" КС 863 рейсін орындаған борт бүгін сағат 05:30-да Алматыдан ұшып шықты. Техникалық себеппен және ұшып баратын әуежайда техникалық қызмет көрсетілмеуіне байланысты әуе кемесінің командирі әуежайға оралу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлайды Air Astana.

Ұшақ қалыпты жағдайда қонды. Ақтөбеге ұшу 15.40-қа ауыстырылды. Жолаушыларға тамақ пен сусын берілді.

Еске салары, 9 тамызда Алматы әуежайынан Тбилисиге ұшқан Air Astana ұшағы қайта қонуға мәжбүр болған еді. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 20.30-да ұшты, алайда көп ұзамай найзағай түсуі мүмкін деген себеппен әуежайға оралды.

Әуе компаниясы ұшақтың толық тексерілгенін, одан найзағай ізі анықталмағанын айтты. Ұшақ қайта қолданысқа берілді.

Ал 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға бет алған ұшақ Атырауда шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ішінде 205 жолаушысы бар Boeing 767 ұшағының отын жүйесінде ақау анықталған. Борттағы жолаушылардың ішінде бес бала мен 5 экипаж мүшесі болды. Зардап шеккендер жоқ.