Алакөлде демалушылардан коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама талап етіледі

0
81

Алакөл аймағы 13 маусымнан бастап демалушыларды қабылдайды.


Алакөлде демалушылардан коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама талап етіледі

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында коронавирус пандемиясына байланысты демалыс орындарының иелері мен туристер бірқатар нормативтерді сақтау керек, деп жазады ҚазАқпарат.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметінше, демалушылар жағажай аймағында кем дегенде екі метр қашықтықты сақтауы тиіс. Демалыс базаларындағы жатын орындар мен үйшіктердің тек 50%-ы жалға беріледі. Сондай-ақ келушілерден соңғы 7 күн ішінде алынған коронавирус жұқтырмағандығы туралы анықтама қағаз болуы шарт. Бір отбасында 1 адамның анықтамасы болса жеткілікті. Бұл туралы облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған.

Барлық демалыс орындары дезинфекциялық және жеке қорғаныс құралдарымен, дене қызуын қашықтан өлшейтін термометрлермен қамтылуы қажет. Демалушылардың өздерінде де жеке қорғаныс құралдары болғаны абзал. Келушілерге медициналық көмек көрсету үшін Алакөлдің жағасында Қабанбай ауылындағы дәрігерлік амбулаториядан тәулік бойы жұмыс істейтін 12 төсек-орын дайындалды. Сонымен қатар көлдің бойына 24 сағаттық травматология пункті орнатылған. Қажет болған жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін Өскемен және Семей қалаларынан мамандар жеткізіледі. Пациенттерді Үржар ауданындағы аурухана қабылдауға дайын. Онда екі өкпені жасанды желдету аппараты бар.

Естеріңізге сала кетсек, Үржар ауданындағы Алакөл аймағы 13 маусымнан бастап демалушыларды қабылдайды.

ШҚО Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Инара Бодукованың айтуынша, биыл жағалауына концерт алаңы салынады.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет