Алаяқ Бұқтырмаға демалуға келген туристерге “жалған” үйлерді жалға берген

0
489

Қазір 21 жастағы қылмыскер ұсталды.


Алаяқ Бұқтырмаға демалуға келген туристерге “жалған” үйлерді жалға берген

ERNUR.KZ. Бұқтырмада алаяқ шын мәнінде жоқ үйлерді туристерге жалға берген, деп хабарлайды Stan.kz

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жас жігіт тамыз-қыркүйек айларында демалыс туралы боялған жарнамалар мен жайлы пәтерлердің фотосуреттерін жариялаған веб-сайт құрған. Адамдар үйлерді жалға алып, алдын ала төлем де жасаған. Алайда, келгеннен кейін олар бірде-бір бөлме немесе “жалдаушының” өзін де таппаған.
Бұқтырмада "барқыт" маусымын қарсы алғысы келетіндер әлі де полицияға арыз жазып жүр. Алаяқ демалушылардың сенгіштігін пайдаланып, жарты миллион теңгеге жуық табыс тапқан. Қазір 21 жастағы қылмыскер ұсталды. Ол екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.