Алаяқтардың қазақстандықтарға іліп кеткен кредиті кешірілуі мүмкін

0
446

Ол аталған заң жобасы мәжіліске маусым айының соңына дейін енгізілетінін атап өтті.


Алаяқтардың қазақстандықтарға іліп кеткен кредиті кешірілуі мүмкін
ERNUR.KZ. Алаяқтардың кесірінен банкке қарыз болып қалған қазақстандықтардың кредиті кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктермен, мемлекеттік органдармен зардап шеккен азаматтарға шығынды қайтару бойынша заңнамалық тетік әзірленіп жатыр. Яғни бұл кредиттің алаяқтық жолмен рәсімделуі немесе қарыз алушының өз қаражатының шоттан алынуы болуы мүмкін. Егер сот шешімі болмаса, қаржы ұйымы шығынды өтемейді", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, алаяқтың құрбаны болған азамат полицияға арыздануы керек. Құқық қорғау органдары алаяқтық бойынша тергеу басталды деген құжатты бергеннен кейін, банк міндетті түрде ол несие бойынша сыйақы, айыппұл есептеуді тоқтатады.
Сонымен қатар егер салымшы банктің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтамауына байланысты шоттағы ақшасынан айырылса, банк оның ақшасын қайтаруға міндетті болады.
"Егер банктің ақпараттық қауіпсіздігі немесе ақпараттық жүйелері салымшының шотынан ақша шешуге мүмкіндік берсе, яғни бұл жерде салымшының кінәсі жоқ, біз заңнамалық деңгейде банкті шығынды қайтаруға міндеттеуді жоспарлап отырмыз", - деді Әбілқасымова.

Ол аталған заң жобасы мәжіліске маусым айының соңына дейін енгізілетінін атап өтті.