Алдымызда ауқымды міндеттер тұр - Мәулен Әшімбаев

0
768

Мәулен Әшімбаев ​ҚР Парламенті Сенатының жаңа сайланған төрағасы.


Алдымызда ауқымды міндеттер тұр - Мәулен Әшімбаев

ҚР Парламенті Сенатының жаңа сайланған төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасында өзінің Парламент Сенатының төрағасы болып сайлануы жайында пікір білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Құрметті достар! Мен үшін Парламент Сенатының төрағасы болып сайлану - үлкен жауапкершілік әрі Мемлекет басшысының және сенатор-әріптестерімнің тарапынан көрсетілген зор сенім. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Ең бастысы - Елбасы саясатының сабақтастығын сақтай отырып, Президентіміздің игі бастамаларының іске асырылуын қамтамасыз ету. Сондықтан заң шығару жұмысын сапалы ұйымдастыруға баса мән береміз. Осы жолда аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерімді жұмсаймын. Ақжарма тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңіз үшін көп рахмет! Өздеріңізбен әрдайым ынтымақтаса жұмыс істеуге дайынмын!»,-деп жазды Сенат төрағасы.