Әлеуметтік желідегі мәліметті қолданған: Алаяқтар 210 адамның атынан 26 млн теңге несие рәсімдеген

0
360

Зардап шеккендердің көбі өз аттарынан несие алынғанын полиция қызметкерлерінен білген.


Әлеуметтік желідегі мәліметті қолданған: Алаяқтар 210 адамның атынан 26 млн теңге несие рәсімдеген

ERNUR.KZ. Елордада алаяқтар 210 адамға онлайн-несие рәсімдеген. Азаматтардың жеке деректерін алаяқтар әлеуметтік желілерден алған, деп жазады Stan.kz.

"Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері шағын несие ұйымдарының бірінде онлайн-несие рәсімдеген елорданың екі тұрғынының азаматтарды алдау жүйесін анықтаған. Алаяқтар әлеуметтік желілерден азаматтардың дербес деректерін тауып, оларды пайдалана отырып, онлайн-несие рәсімдеді. Алаяқтардың әрекеті нәтижесінде еліміздің 12 өңірінен 210 адам зардап шекті. Несие 70 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін алынған”, – деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің көбі өз аттарынан несие алынғанын полиция қызметкерлерінен білген, қалғандары SMS-хабарламалар мен микрокредиттік ұйымдардың қызметкерлерінен несие бойынша берешекті өтеу туралы қоңырау шалынғаннан кейін білген.

“Азаматтарға келтірілген материалдық шығын 26 миллион теңгені құрады. Ақшаны алаяқтар түрлі банктердің виртуалды карталарына шығарып отырған, оларды кейіннен букмекерлік кеңселердегі ұтысқа тігуге пайдаланатын”, – деп нақтылады ол.

Қазіргі уақытта іске қатысы бар күдіктілер Қостанай тергеу изоляторына қамалды.