Әлихан Смайылов тағы бір қызметке тағайындалды

0
391

Үкімет басшысы Назарбаев қоры, университеті және мектептерінің жоғарғы кеңесінің басшысы болды.


Әлихан Смайылов тағы бір қызметке тағайындалды

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының жоғары қамқоршылық кеңесін басқарады, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл туралы "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының сайты жариялады.

Бұған дейін бұл қызметті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев атқарған болатын.

Кеңес құрамына кіргендер:

  • Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев;
  • Премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Тамара Дүйсенова;
  • Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Әсет Ирғалиев;
  • Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
  • Назарбаев университеті президентінің міндетін атқарушы Адесида Илесанми.

Айта кетейік, жазда Қазақстанда Назарбаев Зияткерлік мектептері, Назарбаев университеті және Назарбаев қорының жоғарғы қамқоршылық кеңесінің төрағасы республиканың тұңғыш президентінің орнына қазіргі президент немесе ол тағайындайтын тұлға болатын заң қабылданған болатын.