Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады

0
389

Премьер-Министрге Жезқазған қаласын дамытудың бас жоспары таныстырылады деп жоспарланған.


Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады

Премьер-Министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ұлытау облысына барады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысы сапар барысында:

- Жезқазған жылу-электр орталығы және басқа да коммуналдық нысандардың жұмысын тексереді;

- өңірдің көлік-логистика әлеуетінің дамуымен, бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің қызметімен танысады.

Премьер-Министрге Жезқазған қаласын дамытудың бас жоспары таныстырылады деп жоспарланған.