Алименттен жалтарып жүргендердің көліктері тартып алынуда

0
1 400

Көліктерді сатудан түскен ақша қарыздарды жабуға жұмсалады.


Алименттен жалтарып жүргендердің көліктері тартып алынуда

ERNUR.KZ. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов алимент төлемей жүргендермен күрестің нәтижелері туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өңір басшысының айтуынша, өткен аптада Павлодар облысында айып тұрағына алимент төлемей жүргендердің 4 көлігі жеткізілген.

«Борышкерлердің бірі сол сәтте 520 мың теңге қарызын жапты. Тағы бір борышкер қарызының орнына көлігін әйелінің атына аударды. Қалған екі автомобиль бағалаудан кейін сатуға қойылады. Түскен ақша қарыздарды жабуға жұмсалады», - дейді Б.Бақауов.

Еске салайық, облыс басшысы көпбалалы аналардың мәселесі бойынша бір апта бұрын өткен жиында алименттен жалтарып жүргендермен күрес жүргізілетінін уәде еткен болатын. Сонымен қатар ол өз балалары алдындағы міндеттен ешкім құтылып кетпеуі үшін сот орындаушылардың жұмысын күшейтуді және профилактикалық шараларға дін қызметкерлерін жұмылдыруды тапсырды.