Алматы әкімдігі баннердегі суреті үшін ақша талап еткен келіншекке жауап берді

0
2 385

Бұл әлеуметтік жарнамалық науқанға бюджет бөлінбеді, дейді әкімдіктегілер.


Алматы әкімдігі баннердегі суреті үшін ақша талап еткен келіншекке жауап берді

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігінің өкілдері қазақстандық Самал Омарованың баннердегі фотосуреттерін пайдаланғаны үшін оған ақша төлеу туралы талабына жауап берді. Шенеуніктер сурет тегін қор ресурстарынан алынғанын түсіндірді, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы қаласының мәдениет басқармасы қаланың сыртқы жарнамасында пайдаланылған медициналық маскадағы қыздың фотосуреті Дүниежүзілік еркін фотосуреттер банкінен Freepik.com сайтынан алынғанын айтты.


"Бұл әлеуметтік жарнамалық науқанға бюджет бөлінбеді және Дүниежүзілік банктен лицензияланған фотосуреттерді пайдалану ешкімнің құқығын бұзбайды. Авторлық құқыққа қатысты барлық заңды сұрақтар - Дүниежүзілік фотосуреттер банкіне жіберілуі керек", - деп түсіндірді әкімдіктегілер.


Сондай-ақ, әкімдік нақты адамның фотосуретін пайдалану үшін оның ресми рұқсаты қажет екенін, ал банкте жарнаманың кез келген түрінде шектеусіз мөлшерде пайдалануға болатын лицензиялық фотосуреттер бар екенін айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында қазақстандық қыз баннерлердегі суреті үшін миллион теңге төлеуді сұраған болатын.