Қазақстандық қыз баннерлердегі суреті үшін миллион теңге төлеуді сұрайды

0
2 668

Маскадағы қыздың суреті қазірдің өзінде COVID-пен күресу науқанының символына айналды.


Қазақстандық қыз баннерлердегі суреті үшін миллион теңге төлеуді сұрайды

ERNUR.KZ. Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен оның баннерлердегі суретін коронавирусқа қарсы насихат ретінде пайдаланғаны үшін ақша төлеуді сұрайды, деп жазады tengrinews.kz.

Маскадағы қыздың суреті қазірдің өзінде COVID-пен күресу науқанының символына айналды. Ол алғаш рет өткен көктемде Алматыдағы баннерлерде пайда болған еді. Енді оның фотосы қайтадан пайда болды: қоғамдық көлікте, аялдамаларда және ғимараттарға кіреберісте.

Телеарна мәліметінше, Алматы әкімдігіндегілер былтыр баннерлердің кейіпкері филиппиндік екенін, ал суретті интернеттен алғанын айтқан. Бірақ Алматы облысының тұрғыны, қазақ қызы Самал Омарова баннердегі қыз өзі екенін айтады. Қыздың айтуынша, оның суретін рұқсатсыз пайдаланған.

Самал Алматы облысының Жанашыр ауылында тұрады. Үш қыз тәрбиелеп, сүт зауытында лаборант болып жұмыс істейді. Баннерлерде маскадағы қыздың суреттері пайда болған кезде Самалдың анасы алдымен оның суреттері неге барлық жерде ілінгенін сұраған екен. Күйеуі мен қыздары дәл осындай сұрақ қойған. Самал оны кім және қашан түсіріп алғанын білмейді. Бұл сурет банкте жасырын түсірілген деп болжап отыр.

"Менің суреттерім барлық жерде болғанына қуаныштымын. Олар жарнамаға алты миллион берген, кем дегенде маған миллион берсін", - дейді қыз.

Фотограф-дизайнер Максим Леонидов мұндай суреттерді тек жоғары сапалы жабдықты қолдана отырып қана жасауға болатынын айтады.