Алматы әкімдігі "Барахолка" базары жабылады деген мәліметке қатысты пікір білдірді

0
880

WhatsApp топтарда 9 маусымда барахолканың жабылатыны туралы хабарламалар тараған.


Алматы әкімдігі

ERNUR.KZ. Алматы әкімдігінің өкілдері азық-түліктік емес тауар сататын дүкендердің, оның ішінде барахолканың жабылатыны туралы хабарламаны жоққа шығарды , деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

Осыған дейін WhatsApp топтарда 9 маусымда барахолканың жабылатыны туралы хабарламалар тараған еді. Алайда қалалық әкімдіктің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.


"Біз бұл мәліметті растамаймыз. Карантин кезінде қызмет түрлерін жандандыру немесе тоқтату туралы шешімнің барлығын бас санитар дәрігер қабылдайтыны белгілі. Бірақ 1 маусымнан бастап коронавирус инфекциясының алдын алу, оны анықтау және емдеу тәртібі өзгерді. Біз, Алматы әкімдігінің өкілдері, барахолканы жабу мәселесін талқылап немесе оған қатысты шешім шығара алмаймыз. Бірақ барлығы қызметкерлер мен келушілердің санитарлық қауіпсіздігі үшін карантин ережелерін сақтауы керек", - деді Оразалин.


Еске салайық, Алматыдағы барахолка жұмысын 1 маусымда бастаған болатын.