Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды

0
429

Бұған дейін әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған болатын.


Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мемлекеттік қызметтен босатылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

"Алматы қаласы Әдеп жөніндегі кеңес шешімі бойынша, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылығы үшін Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Лаура Мырзағали тәртіптік жауапқа тартылды (мемлекеттік қызметке үш жыл ішінде жұмысқа кіруге тыйым салынады) және қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтен босатылды", - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Лаура Мырзағали қызметкерімен сыйақыға байланысты сөзге келіспей қалғаны туралы видео тараған болатын. Осыдан кейін Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тексеріс басталған еді.