Алматы маңында 14 500 мүшеқап өртелетін болды

0
1 551

Тауардың ресми өкілдері тәркіленген өнімдердің контрафакті екенін растады.


Алматы маңында 14 500 мүшеқап өртелетін болды

ERNUR.KZ. Алматы қалалық әділет департаменті ірі көлемдегі контрафакті заттарының көзін жоймақшы, деп жазады zakon.kz.

2019 жылдың аяғында құзырлы орган Алматы қаласынан Durex, Contex, Gusarsky деген тауар белгілерімен танымал контрафактілік өнімдердің заңсыз айналымын алдын алу бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Тауардың ресми өкілдері тәркіленген өнімдердің контрафакті екенін растады.
-Тексеру шараларының нәтижелері бойынша Алматы қаласында жалпы сомасы 993 470 теңгенің 14 511 мүшеқапы заңсыз айналымнан алынды, делінген Әділет департаментінің хабарламасында.
Тәркіленген өнімдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жоюға жатады.